Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жауапты маман Ляззат Токбаева «Салауатты өмір салты» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында темекі шегудің зиянына және оның адам ағзасына кері әсеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға темекі шегудің өкпе обыры, тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары, жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін арттыратыны, сондай-ақ ағзаның қорғаныш қабілетін төмендететіні туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар темекі түтінінің тек темекі шегетін адамға ғана емес, айналасындағы адамдарға да зиян келтіретіні, яғни пассивті темекі шегудің қауіптілігі түсіндірілді.
Семинардың негізгі мақсаты – темекі шегудің зиянды салдары туралы ақпараттандыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Есіңізде болсын: темекіден бас тарту – денсаулыққа бастар маңызды қадам! Темекісіз өмірді таңдаңыз!