Мамандардың біліктілігін арттыру: Фтизиопульмонология орталығында туберкулезді жедел диагностикалау бойынша оқыту аяқталды

2026 жылғы 3–7 тамыз аралығында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-ның базасында мамандандырылған орталықтандырылған бактериологиялық зертхана (МОБЗ) дәрігерлеріне арналған бес күндік арнайы оқыту курсы өткізілді.

 Курс тақырыбы:

«BACTEC автоматтандырылған жүйесінде бірінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттарға дәрілік сезімталдықты анықтау тесттерін жүргізу».

Оқытуды ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының зертханасының жетекші маманы, зертханалық диагностика және генетикалық зерттеулер саласының сарапшысы — Қазиев Әліби Әсетұлы жүргізді.

Оқытудың негізгі мақсаты — мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, заманауи зертханалық технологияларды енгізу, сондай-ақ туберкулез диагностикасының сапасы мен жеделдігін арттыру.

Курс барысында қатысушылар:

  • BACTEC автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істеудің заманауи хаттамаларын меңгерді;
  • туберкулез микобактерияларының бірінші қатардағы препараттарға дәрілік сезімталдығын жедел анықтаудың ерекшеліктерін зерделеді;
  • тестілеу жүргізу және нәтижелерін интерпретациялау бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді;
  • зертханалық зерттеулерді жедел жүргізу бойынша кәсіби дағдыларын арттырды.

Алынған білім мен практикалық дағдылар МОБЗ мамандарына зертханалық диагностиканың тиімділігін арттыруға, тестілеу нәтижелерін алу мерзімін қысқартуға және пациенттерге тиімді емдеу схемасын уақтылы тағайындауға мүмкіндік береді.

Зертханалық диагностиканы жетілдіру — медициналық көмектің сапасын арттырудың және туберкулездің таралуын одан әрі төмендетудің маңызды бағыттарының бірі.

Фтизиопульмонология орталығы мамандардың біліктілігін арттыру және туберкулезді диагностикалау мен емдеуде заманауи тәсілдерді енгізу жұмыстарын жалғастыруда.