«Таза Қазақстан» – тазалық пен тәртіпке бірге үлес қосайық!
2026 жылғы 1 тамызда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке белсене қатысты.
Сенбілік барысында Орталықтың аумағы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Серуендеу аймақтары ретке келтіріліп, жасыл желектер күтіп-бапталды, тұрмыстық қалдықтар жиналып, аумақтың тазалығы қамтамасыз етілді.
Іс-шараға Орталықтың 34 қызметкері қатысып, қоршаған ортаға жанашырлық танытып, туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, ұйымшылдығы және ортақ іске қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
Тазалық – әрқайсымыздан басталады!
https://www.cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1821-taza-aza-stan-tazaly-pen-t-rtipke-birge-les-osajy.html#sigFreeId39882ca815










