Алғашқы қоңырау – үлкен өмірге бастар қадам!
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК-де биыл балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа баратын қызметкерлерге арналған жүздесу ұйымдастырылды.
Мектепке алғаш бару – әрбір бала үшін ғана емес, ата-анасы үшін де ерекше әрі толғанысқа толы кезең. Бұл – жаңа білімнің, қызықты жаңалықтардың, алғашқы жетістіктер мен үлкен армандардың бастамасы.
Осы игі дәстүр аясында Орталықтың кәсіподақ комитеті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарын құттықтап, балаларын мектепке дайындауға қолдау көрсету мақсатында материалдық көмек көрсетті.
Орталық әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті әріптестерімізді және олардың бүлдіршіндерін жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтайды!
Барша бірінші сынып оқушыларына қызықты оқу, жақсы ұстаздар, адал достар, жарқын жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Ал ата-аналарға мықты денсаулық, отбасылық амандық, төзім мен перзенттерінің жетістіктеріне әрдайым қуанып жүруді тілейміз.
Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік, шабыт және толағай табыстар әкелсін!
https://www.cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1819-al-ash-y-o-yrau-lken-mirge-bastar-adam.html#sigFreeIdf28f1728fc










